«Керемет Әлем» балабақшасы

Балаларға сапалы тәрбие мен білім беруге, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған мектепке дейінгі мекеме

Қауіпсіздік
Тұру жағдайлары
Бейімделу
Оқу бағдарламасы
Тамақтану
Денсаулық

Біз туралы

«Керемет Әлем» балабақшасы – балаларға сапалы тәрбие мен білім беруге, олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған мектепке дейінгі мекеме.

Балабақшада 60 балаға арналған 3 топ жұмыс істейді:

  • мектепалды даярлық тобы – «Айгөлек»
  • ересек топ – «Ақбота»
  • ортаңғы топ – «Еркетай»

Балалардың жас ерекшеліктеріне сай оқу-тәрбие жұмыстары ұйымдастырылып, олардың білім алуына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына және қоршаған ортамен танысуына ерекше көңіл бөлінеді.

Балалардың дұрыс тамақтануы мен күн тәртібін сақтау мақсатында балабақшада күніне 4 мезгіл тамақтану ұйымдастырылған.

Балабақшаның басты мақсаты – әр балаға қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастырып, сапалы тәрбие мен мектепке дейінгі білім беру.

Меңгеруші: Жұбанова Гүлнар
Әкімші: Сұлтанова Бибігүл

Балабақшадағы өмір

Біздің мекенжайымыз